Жамбылдық депутаттар облыс бюджетін 3 млрд. теңгеге қысқартты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық мәслихатының депутаттары 2015 жылдың бюджетіне түзетулер енгізді, деп хабарлайды облыстық мәслихаттың баспасөз қызметінен.

Мәслихат депутаттары кезекті XXXV сессияда облыс бюджетінің шығыс бөлігін 3 млрд. астам теңгеге қысқарту туралы қаулы шығарды.

Бұдан басқа, әлеуетті әлеуметтік жобаларды аяқтау үшін қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Жомарт Әмірханованың айтуынша, жобаларға Меркі ауданында балабақша үшін инфрақұрылымның салынуы мен клубтың күрделі жөнделуі (146 млн. теңге), Тараз қаласындағы тұрғын алаптарының электр және газбен жабдықтандырылуы (150 млн. теңге), Қордай ауылында 50 пәтерлік үйдің құрылысын аяқтау (241, 5 млн. теңге) еніп отыр. 2015 жылғы облыстық бюджет кіріс бөлігінде 150,16 млрд. теңгеге, шығыс бөлігінде - 149,16 млн. теңгеге бекітілген, делінген Жамбыл облыстық мәслихатының ресми сайтында.

Соңғы жаңалықтар