Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 15 °С
Алматы: 18 °С
USD 346.68 EUR 404.02
RUB 5.47 CNY 51.15
Жаңалықтар

Жамбылдық басшы 160 миллион теңгенің субсидиясын туыстарына бөліп берген

2018 жылғы 17 сәуір 20:25 755
Бөлісіңіз:
Жамбылдық басшы 160 миллион теңгенің субсидиясын туыстарына бөліп берген

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департаменті Жамбыл облысында субсидиялардың заңсыз бөлінуін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
«Көкшетау» стансасының басшысы 600 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді Ақтөбеде 1,7 миллион теңге пара алған бөлім басшысы тергеу аяқталғанша қамауда болады

Департамент өкілдерінің айтуынша, Шу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С. Сейдахметов жанар-жағармайлар үшін 160 млн теңге мөлшеріндегі субсидияны заңсыз бөлген.

Ауданда ең ірі мөлшердегі субсидиялар 2014-2016 жылдар аралығында «Бектібай», «Бектібай-1», «Самат» және «Еркін» шаруа қожалықтарына берілген. Тексерулер кезінде субсидияларды Сейдахметовтің жақын туыстары: ағасы, жеңгесі, әйелі және баласы алғаны анықталды.

Департамент С. Сейдахметовті жұмысынан босатты.

Қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғалған.


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Редактор
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
Мұрағат