Жамбылдық банкирлер облыс тұрғындарын ипотекалық несиелерін қайта қаржыландыру мүмкіндігін пайдалануға асығуға шақырды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбылдықтар мемлекет ұсынған ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру және депозиттер бойынша өтемақылар мүмкіндіктерін пайдалану үшін банктерге баруға асықпай отыр. Бұл туралы бүгін Таразда банктердің өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихаты барысында Ұлттық банктің жамбылдық филиалының басшысы Айдайбек Халимбетов мәлім етті.

Оның айтуынша, Жамбыл облысында бағдарлама аясында қайта қаржыландыруға жатқызылатын 2 808 ипотекалық қарыздың ішінен тек 775 қарызгер өтінім берген. Соның ішінде 487 өтінім мақұлданып, 272 өтінім бойынша 700 млн. теңгеге шешім қабылданды.

Бұдан басқа, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша курстық бағам айырмашылығы бойынша өтемақысына жатқызылатын 43 мың салымның ішінен қарашада тек 3 892 өтінім берілген. «Бұл жағдай алаңдатады. Өкінішке қарай, ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруда да, сондай-ақ жеке тұлғалардың ұлттық валютада ашқан депозиттерінің курстық бағам айырмашылығы бойынша өтемақысында да біз тұрғындардың белсенділігінің төмен екенін бақылап отырмыз. Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаевтың тапсырмасымен аталған шараны өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтарды асығуға шақырамыз», - деп атап өтті А.Халимбетов. Ұлтық банк филиалының басшысы екі бағдарлама бойынша мерзімдердің аяқталып келе жатқанын атап өтті. Еске сала кетейік, Қазақстанда тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыруға мемлекет тарапынан 130 млрд. теңге бөлінген.

Соңғы жаңалықтар