+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Жамбылдық бағбан өз бақшасында алманың 36, жүзімнің 30 түрін өсіреді

2021 жылғы 1 тамыз 15:17
Бөлісіңіз:
Жамбылдық бағбан өз бақшасында алманың 36, жүзімнің 30 түрін өсіреді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны Мирислам Аллахмирановтың бақшасында алманың 36 сұрпы жайқалып өсуде.

Ұқсас жаңалықтар
Таразда мұнаралы кранға шығып, секірмек болған әйел құтқарылды Жамбыл облысында таулы аумақтағы 650 гектар жер өртенді Таразда көпқабатты тұрғын үйдегі пәтер өртенді

Еңбекқор бағбан бұдан бөлек алхор мен шабдалының италиялық және франциялық сорттарын жерсіндіру мақсатында әрі тәжірибе үшін өсіруді де қолға алған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, осыдан 15 жыл бұрын Шу ауданы Мойынқұм ауылында 10 гектар жерге алма бағын отырғызудан бастаған «Зам – зам» шаруа қожалығының жетекшісі Мирислам Аллахмиранов қазіргі таңда бақша көлемін 40 гектарға дейін жеткізген. Оның бау-бақшасынан алма ағашының 36 түрін кездестіруге болады.

Алқаптан өткен жылы 500 тонна алма жиналған, биылғы жылы да ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, күтіп-баптау жұмыстарының арқасында мол өнімге қол жеткізіледі деп күтеді.

«Кез-келген жеміс сұрыпының өзіндік ерекшеліктері бар. Ең маңыздысы олардың қысқа төзімділігі және өнімділігі. Жеміс беру кезеңі қолайлы болуы қажет. Содан соң, алманың ірілі-ұсақтығына, түсіне, дәміне, тасуға жарамдылығына, сақталғыштығына аса мән берген жөн», – дейді қожалық жетекшісі Мирислам Аллахмиранов.

Сонымен қатар, қожалықта алхоры, шабдалы жемістерінің италиялық және франциялық сорттары да бар екен. «Столовка», «Голден Делишес» және «Ред Делишес» алма сұрыптары Меркі ауданындағы «Гүлдер» питомнигінен алынған.

Бағбан өз бақшасынан жинаған өнімдерін аудан орталығындағы базарлар мен дүкендерге нарық бағасынан арзан өткеретіндігін айтады. Айталық, алманың әр келісі -150 теңгеден сатылуда. Кәсіпкер көпбалалы отбасыларына мүмкідігінше қол ұшын созып тұрады. Жыл сайын аз қамтылған және ауыл қарияларына 10-15 тонна алманы тегін таратуды дәстүрге айналдырыпты.

Сондай-ақ, аталған шаруа қожалығында 2010 жылдан бері 3 гектар жерге қосымша жүзім өсірілуде. Осы аумаққа 30 түрлі жүзім сорттары отырғызылып, әр гектарынан 15 – 18 тоннаға дейін өнім жиналуда.

Былтырғы жылы басым отырғызылған «Дамские пальчики» жүзімдігінің әр түбінен 250 кг өнім жинаған шаруа, жүзім бригадасына да қосымша 15 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтыған.

Айта кету керек еңбек даласында тынбай тер төккен «Зам – зам» шаруа қожалығының жетекшісі Мирислам Аллахмиранов 2015 жылы «Ерен еңбегі үшін» медальімен марапатталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT