+7 (701) 759 90 19
USD 437.20 EUR 475.32
RUB 5.79 CNY 61.94
Jańalyqtar

Жамбылдық азамат коронавирусты Қырғызстаннан жұқтырып келген

2020 жылғы 25 наурыз 11:10
Бөлісіңіз:
Жамбылдық азамат коронавирусты Қырғызстаннан жұқтырып келген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жамбылдық азамат коронавирусты Қырғыз елінен жұқтырып келген. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда медициналық мекемелерге 17 өкпені жасанды желдету аппараты табысталды Карантин кезінде мүгедектікті айқындау қалай жүзеге аспақ COVID-19: Нұр-Сұлтандағы госпитальдің қытайлық, өзбекстандық ауруханалардан айырмашылығы түсіндірілді

«Жамбыл облысында коронавирус індетін жұқтырған бір азамат анықталып отыр. Ол - Жамбыл облысы Шу ауданының тұрғыны. Ол Қырғызстан Республикасынан облысымызға келген. 24 наурыз күні облыстық карантиндік стационарға жатқызылып, бекітілген алгоритмге сәйкес сынама алынды. Сынама қорытындысы бойынша оң нәтиже көрсетілді. Дегенмен, сараптамаларын нақтылай түсу үшін Алматы қаласындағы вирусологиялық зертханаға қосымша жіберілді», - деді басқарма басшысы.

Марат Жұманқұловтың айтуынша, індет жұқтырған пациентпен тығыз қарым-қатынаста болған адамдар түгел анықталды. Олардың барлығы медициналық бақылауда, 13 адам стационарлық карантинге жатқызылды.

«Пациенттің тұрғылықты жеріне залалсыздандыру жұмысы жүргізілді. Белгіленген алгоритм бойынша шаралар жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда науқастың жағдайы бірқалыпты. Денсаулығына ешқандай шағым жоқ. Дене қызуы көтерілмеді. Науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр. Мамандарымыздың бақылауында, бекітілген емдеу хаттамасына сәйкес ем алуда»,- деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT