Жамбылдық 150 құрылысшы мен 30 волонтер Арысты қалпына келтіруге атсалысып жүр

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат -Жамбылдық құрылысшылар мен еріктілер Арыс қаласын қалпына келтіру, әлеуметтік шараларды атқару бойынша қызу жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарланғандай, қала аумағы 17 секторға бөлінген. Соның ішінде үшінші секторға қарасты 327 жеке тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстары Жамбыл облысына жүктелген болатын. Бұдан бөлек, бұл бөліністе тағы 14 әлеуметтік және коммерциялық нысан анықталған.

«Бүгінде облысқа тиесілі аумақтағы 11 көшеде орналасқан 327 жеке тұрғын үй толығымен зерделеніп бітті. Нәтижесінде қираған 3 үйдің екеуі - толық, біреуі - жартылай қалпына келтірілетін болды. Бұған жұмсалатын шығындар республикалық бюджет пен арнайы қорға жиналған қаражаттан қарастырылмақ»,-дейді Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Біржан Сөктай Арыстағы штабтың жұмысынан xабар беріп.

Айта кетейік, қазіргі таңда жамбылдық 16 құрылыс компаниясынан 150 құрылысшы Арыстағы 35 жеке тұрғын үй бойынша жөндеу жұмыстарын бастап кетті.
null

Сондай-ақ, 30-дан аса жамбылдық ерікті зардап шеккен арыстықтарға көмек көрсетіп, аянбай тер төгуде. Одан бөлек, белсенді еріктілер мен бүлінген үйлердің тұрғындарынан қоғамдық комиссия құрылды. Комиссия мүшелері әр 10 үйге бөлініп, ауысым бойынша түрлі әлеуметтік мәселелермен айналысуда.

null

Соңғы жаңалықтар