Жамбылдағы жарылыс: Пойыз кешіксе қайда хабарласу керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында орын алған төтенше жағдайдың салдарынан қазіргі уақытта бірнеше бағыттағы пойыз жүрісі тоқтап тұр. Қай бағыттағы пойыздар қызметі тоқтатылды және жолаушылар қосымша ақпаратты қайдан біле алады?Бұл сұраққа «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Қайсар Жұмабайұлы жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жамбыл облысы «Ақшолақ-Үшбұлақ» аралығындағы төтенше жағдай салдарынан «Түрксіб-Тараз» учаскесінде жолаушылар пойыздары қозғалысының жабылуына байланысты №75 Петропавл-Қызылорда, №85 Нұр-Сұлтан-1-Сарыағаш, №86 Сарыағаш-Нұр-Сұлтан-1, №33 Алматы-1-Ақтөбе, №34 Ақтөбе-Алматы-1, №77 Алматы-2-Маңғыстау, №42 Атырау-Алматы-2, №24 Ақтөбе-Алматы-1, №322 Сарыағаш-Алматы-2, №55 Көкшетау-Қызылорда, №56 Қызылорда-Көкшетау, №272 Түркістан-Нұр-сұлтан, №22 Қызылорда-Семей, №78 Маңғыстау-Алматы-2, №41алматы-2 – Маңғыстау, №11алматы-2 Шымкент, №2 Шымкент Алматы-2, №25 Алматы-2 –Шымкент, №72 Түркістан-Алматы-2, №712 Нұр-Сұлтан-Шымкент және №21 Семей - Қызылорда пойыздары тоқтатылды», - деді Қайсар Жұмабайұлы.

Сондай-ақ, ҚТЖ өкілі жолаушылар пойыз қозғалысына қатысты барлық сұрақтың жауабын «105» нөмірі арқылы білуге болатынын еске салды.

Одан бөлек, жолаушылар вокзалдардың анықтама қызметіне хабарласа алады.

Алматы-2 станциясы 8-7272-96-13-15

Алматы-1 станциясы 8-7272-96-33-90

Луговая станциясв 8-263-13-61-05

Шымкент станциясы 8-7252-95-21-24

Тараз станциясы 8-7262-96-24-59

Шу станциясы 8-7264-36-36-82

Қызылорда станциясы 8-7242-29-21-35


Соңғы жаңалықтар