Жамбылдағы жарылыс: Мемлекет басшысы сотқа дейінгі тергеу амалдарын мұқият жүргізуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бас Прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне Жамбыл облысындағы оқыс оқиғаның мән-жайын және кінәлілерді анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдарын мұқият жүргізуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне оқыс оқиғаның мән-жайын және кінәлілерді анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдарының мұқият жүргізуді қамтамасыз етсін. Бесінші мәселе, Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігі мен дүние-мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдасын», - деді ол Жамбыл облысындағы төтенше оқиға бойынша өткен шұғыл жиналыста.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев құзырлы органдарды төтенше жағдай туралы жалған ақпараттың таралуына жол бермеуді міндеттеді.

«Алтыншы мәселе, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі мен мүдделі мемлекеттік органдарға оқиға туралы жалған ақпараттың таралуына жол бермеу үшін шаралар қабылдасын», – деді Президент.

Айта кетейік, 26 тамыз күні сағат 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды.


Соңғы жаңалықтар