USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Жамбылдағы жарылыс: Ауруханадағы 28 адамның алтауының жағдайы ауыр

2021 жылғы 27 тамыз 09:27
Бөлісіңіз:
Жамбылдағы жарылыс: Ауруханадағы 28 адамның алтауының жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы деректер бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан аурханаға 28 адам түскен. Оның алтауының жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы әкімі кәсібі зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесті

Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«27 тамыз күні сағат 08.00-дегі жағдай бойынша уақытша эвакуациялау пункттерінде 171 адам тұрып жатыр. Оларға қажетті жағдайлар жасалған және оларға таңғы ас берілген. Эвакуациялау жұмыстарына 32 дәрігер, оның ішінде травматолог, нейрохирург, хирург, реаниматолог және т.б. дәрігерлер, 56 орта медициналық қызметкер қатысты. Дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген», - делінегн хабарламада.

Ал жарылыс салдарынан ауруханаға түскендердің ішінде жағдайы ауыр 6 адам жатыр. Жалпы жарылыстан зардап шеккендерге жедел медициналық көмек көрсету үшін 37 жедел медициналық жәрдем бригадасы, оның ішінде 3 медициналық авиация бригадасы жұмылдырылды.

Бір бригада Тараз қаласының №5 мектебінде, 1 бригада Байзақ ауданының Базарбай ауылынан бұрын 226 адамды эвакуациялаған Тараз политехникалық колледжінде кезекшілік етеді.

«27 тамыз күні сағат 08.00-де ауруханаларда 28 науқас бар, оның 6-ы ауыр халде. Жамбыл облысының Бірыңғай диспетчерлік қызметке 473 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 265 өтініш «109» қысқа нөмірі бойынша, 190 өтініш WhatsApp мессенджері арқылы жолданған. Келіп түскен қоңыраулардың көбі тұрғындарды эвакуациялау туралы ақпарат пен әскери бөлімдегі қойманың жай-күйі туралы сұрақ қойылуда», - делінген хабарламада.

Бұған дейін өңірдің төтенше оқиғаға байланысты «109» нөмірі мен 8-778- 810-91-09 WhatsApp арқылы шұғыл желі іске қосылғаны хабарлаған еді.

Түндегі ақпарат бойынша апат болға аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, облыс орталығынан 400-ден астам орын дайындалған. Қосымша 1 000-ға жуық орын дайындау мүмкіндігі қарастырылған. Оның ішінде Тараз қаласында 221 адам арнайы жасақталған жатын орындармен қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, 26 тамызда сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды.

Бұған дейін жарылыстан 66 адам зардап шеккені хабарланған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT