Жамбылдағы шағын және орта бизнес субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар 22,6%-ға ұлғайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл 4 айда Жамбыл облысының аумағындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 102,9 мың бірлікті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 37,7%-ға артты. Орталық коммуникациялар қыметіндегі брифингіде өңір басшысы Нұржан Нұржігітов осылай мәлім етті, деп хабарайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірде шағын және орта бизнес қарқынды дамып келеді. Атап айтсам, ағымдағы жылдың 4 айында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 102,9 мың бірлікті құрап, 37,7%-ға артты. Жалпы, өткен жылдың қорытындысымен осы салада жұмыспен қамтылғандардың саны 151,9 мың адам, яғни 22,6%-ға ұлғайды», - деп тоқталды Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов.

Өңір басшысының мәлімдеуінше, биыл кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 198 жобаға 10,7 млрд теңге несие берілген.

«Сондай-ақ, ұлттық жоба аясында 1100 кәсіпкерге қаржылай қолдау көрсету арқылы жұмыс жасайтын субъектілер санын 106 мыңға дейін арттырып, ондағы жұмыспен қамтылғандардың санын 155 мыңға дейін ұлғаяды деп күтілуде. Сонымен қатар, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 70,7 млрд теңгеге 190 жоба қаржыландырылды», - деді Нұржан Нұржігітов.


Соңғы жаңалықтар