+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Жамбылдағы 19 кәсіпорын бес мыңға жуық қызметкердің жалақы қарыздарын қайтарды

2019 жылғы 22 қазан 11:15
Бөлісіңіз:
Жамбылдағы 19 кәсіпорын бес мыңға жуық қызметкердің жалақы қарыздарын қайтарды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылда жыл басынан бері 19 кәсіпорындағы 4713 жұмыскердің алдындағы 730 миллион теңге жалақы қарыздары толығымен өндіріліп берілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жергілікті және шетел мамандарына тең жағдай жасау министрліктің бақылауында - министр 57 мың адамның несиесі өтеледі – Біржан Нұрымбетов Биыл отбасыларға бюджеттен 162 миллиард теңгеден астам қаражат төленді - министрлік

Қайтарылған қаражаттардың 160,5 миллион теңгесі ағымдағы, 233,9 миллион теңгесі мерзімі өткен, 335,7 миллион теңгесі оңалту рәсімі қолданылған және банкротқа ұшыраған кәсіпорындардың қарыздары.

«Бүгінгі күнге жалақы қарыздарының көлемі 144 жұмыскер алдында 22 млн теңгені құрайды. Ол Талас ауданында орналасқан «Жамбыл Недр» кәсіпорнының үлесінде. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында профилактикалық бақылау барысында «Жамбыл Недр» кәсіпорынында 60,1 млн теңге жалақы қарызы анықталып, қабылданған шаралардың нәтижесінде 38,1 млн теңгесі өндіріліп берілді. Кәсіпорынның құрылтайшыларымен келіссөздер жүргізіліп, жалақы қарыздарын төлеу кестесі бекітіліп, қазіргі уақытта кестеге сәйкес төлемдер жүргізілуде»,-дейді облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқарма басшысы Балабак Нарбаев.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың тоғыз айында басқармаға жеке және заңды тұлғалардан 780 арыз-шағым түсіп, соған сәйкес 1602 жұмыскердің құқықтары қорғалып, 135 миллион теңгеден астам жалақы бойынша берешектер, 262 мың теңге көлеміндегі іссапар шығындары, 866 мың теңге көлеміндегі үстемеақы, өтемақы, қоса атқарған қызметіне қосымша ақылары өндіріліп берілген.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT