Жамбылдағы 185 мектепте таңдау пәндері ағылшын тілінде оқытылады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Үш тілде оқыту жүйесіне көшу бойынша өткен оқу жылында Жамбыл облысы бойынша 45 мектепте биология, химия, физика, информатика пәндері ағылшын тілінде жүргізілген болатын. Ал биылғы 1 қыркүйектен бастап 185 мектепте осы пәндер ағылшын тілінде оқытылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ZhambylNews-ке сілтеме жасап. 

Бүгінгі таңда аталған пән мұғалімдерінің 34,7 %-ы (888 педагог) арнайы курстан өтті.

Бұған қоса, маусым айында аудандар мен Тараз қаласында физика, химия, биология, информатика пәндерінен сабақ беретін 220 педагог жергілікті бюджет есебінен «Ұстаз» орталығы мамандары ұйымдастырған ағылшын тіліндегі курста оқыды. Бұл орталық бір жыл бойы осы мұғалімдерді толығымен қолдап, үйретіп, нақты көмек көрсететін болады.

Соңғы жаңалықтар