Жамбылда жыл басынан бері өрт салдарынан 11 адам опат болған

None
None
ТАРАЗ. Қазақпарат – Жамбыл облысында жыл басынан бері 654 өрт оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 11 адам ажал құшқан,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жылдың 11 айында облыста 11 адамның өмірін жалмаған 654 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл оқиғалар барысында 8 адам жарақат алыпты. Жалпы материалдық шығын 89 миллион 8 мың теңгені құраған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Жамбыл облыстық ТЖ департаментіне қарасты мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Мақсат Әкімбаев айтты.

Спикер биыл өрттер саны 6 пайызға азайғанын айтады. Алайда, қаза тапқандар саны 1,8 есеге, жарақаттанған адамдар саны 30 пайызға, ал, улы газдан қаза болғандар саны 2 есеге ұлғайған. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап бүгінге дейін тұрғын үй секторында 181 өрт орын алды десек, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға артық. Қаза болғандар саны да 7 жағдайға өскен.

«Жалпы, ағымдағы жылы жылыту маусымында өлімнің өсуіне Тараз қаласында өрт кезінде және Меркі ауданында улы газбен улану кезінде адамдардың топтық қаза болу жағдайларфы әсер еткен. Яғни, ағымдағы жылы қазан айының бірінші он күндігінде Тараз қаласындағы тұрғын үйде орын алған өртте екі бала, ал қараша айфнфі бірінші он күндігінде тұрғын үйдегі өртте 3 адамның өлімі тіркелген, сондай-ақ Меркі ауданында улы газдан уланудан 2 адам қаза болған»,-дейді М.Әкімбаев.

Соңғы жаңалықтар