Жамбылда жыл басынан бері 9 бала терезеден құлап кеткен

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбылда жыл басынан бері 9 бүлдіршін терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, биылғы бес айда Тараз қаласы мен Жамбыл облысының аумағында осындай 9 оқыс оқиға тіркелген.

Былтыр осы уақыт аралығында екі жағдай ғана болғанын атап өткен жөн.

Оның ішінде 8 бала ауыр жарақат алды, бір жеткіншек көз жұмған.

Зардап шеккендердің жасы - 2-ден 17 жасқа дейін.

«Кішкентай балалар масадан қорғайтын торға сүйеніп, ересектердің қарауынсыз қалған кезде құласа, 13-17 жастағы жасөспірімдер өз қауіпсіздігіне немқұрайды қарап, биіктен секіріп жатады. Бозбалалар арасында иесіз ғимараттардың төбесінен секіріп, балконнан балконға көтерілу қайтадан сәнге айналды. Бірақ жастар қанаты жоқ екенін түсінуі керек» деп ескертеді құтқарушылар.


Соңғы жаңалықтар