Жамбылда жыл басынан бері 42 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы әкімдігінде өткен басқосу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті биылғы алты айда өңірде 42 қылмыс тіркелген десек, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31-ге аз.

Бұл туралы ведомство басшысы Әділхан Әшірбаев мәлімдеді.

«6 мониторингтің нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға қатысты 13 ұсыным жолданды. Мониторинг жер учаскелерін бөлу рәсімдерін, карантин шектеулерін сақтай отырып, әлеуметтік төлем тағайындауға қатысты мәселелерді қамтыды», - деді А.Әшірбаев.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірге мемлекеттік сатып алу жүйесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында мониторинг жүргізіледі.

Нәтижесінде, мемлекеттік органдардың сатып алу жоспарын қайта қарап, 950 миллион теңге үнемделген.

Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Алмас Дүйсенбаев ағымдағы жылдың жарты жылдығындағы камералдық бақылау қорытындысына сәйкес бұзушылықтарды жою бойынша 1442 хабарлама жіберілгенін тілге тиек етті.

Бұзушылықтарды жоймаған басқарма басшылары ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 462-бабы бойынша жауапкершілікке тартылған.

Отырыс қорытындысы бойынша аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев қаралған мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырма жүктеп, олардың орындалуы бақылауда болатынын баса айтты.


Соңғы жаңалықтар