Жамбылда жыл басынан бері 28 браконьерлік факті тіркелген

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жыл басынан бері аң аулау талаптарын бұзудың 28 фактісі тіркелген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есеге кеміген,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл орайда мамандар саятшылық құратындардың жауапкершілігі артып, броконьерлердің саны азайғанын айтады.

«Қазір аңшылық үшін бар жағдай жасалған. Оның үстіне ереже бұзушылар да күрт төмендеген. Аймақта бүгінде арнайы 42 шаруашылық жұмыс істейді. Жергілікті аңшылардан бөлек Алматы, Түркістан облыстарынан келушілер сол жерлерде саятшылық құрып, аң атады. Әрқайсысының әрекеттері инпекторлардың жіті қадағалауында», - дейді облыстық орман және аңшылық шаруашылық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Талғат Тоғызбаев.

Мамандардың пікірінше браконьерлікті жойып, бақылауды күшейтуде материалдық-техникалық базаны жаңарту басты мәселе. Бүгінде инспекция инспекторлары заң бұзушылықты тіркейтін бейнекамералар, әуеден барлау жасайтын дрондар және қосымша көліктерге зәру.

«Ағымдағы жыл басынан бергі аралықта аңшылық ережесін бұзу бойынша өңірде 28 дерек тіркелген. Басым бөлігі аңшылық мерзімін бұзуға қатысты. Ресми алатын болсақ, қазіргі таңда облыс бойынша 5 мыңдай аңшы бар. Астыртын түрде заңнан тыс аңға шығатындар бар. Олардың дені жергілікті тұрғындар. Кімде-кім жолдамаларда көрсетілген қағидаларды ескермесе, айыппұлмен жазаланады»,-дейді Т.Тоғызбаев.

Соңғы жаңалықтар