Жамбылда жыл басынан бері 155 адам суицид жасаған

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбыл облысында жыл басынан бері 155 адам өз-өзіне қол жұмсап, өмірмен қош айтысқан,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Суицидке барған 155 адамның 9-ы балалар.

Облыстық білім басқармасының мәліметіне сүйенсек қайғылы оқиғалар негізінен Шу, Сарысу, Жамбыл аудандарында тіркелген. Сонымен бірге олардың қатарында үш колледж студенті бар.

Мамандардың айтуынша, мұндай қадамға көбінесе 15 пен 17 жас аралығындағы жеткіншектер барады екен. Соңғы үш жылда облыстағы 26 жеткіншек осындай жолмен бақиға аттанған.

«Жеткіншектердің суицидке баруының себептерін анықтаған кезде ішкі істер органдарына 80 пайызы белгісіз болып танылған. Ал қалған 20 пайызы ата-анасына, ақшаға байланысты, сондай-ақ, жақсы көретін адамына деген реніш салдарынан болғандығы анықталған»,- деді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлзира Дәрібаева.

Соңғы жаңалықтар