+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Жамбылда жыл басынан бері 140-тан астам көлік өртенген

2019 жылғы 8 желтоқсан 16:00
Бөлісіңіз:
Жамбылда жыл басынан бері 140-тан астам көлік өртенген

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында ағымдағы жыл басынан бері 140-тан астам көлік өртенген, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Әзербайжан мен Армения Таулы Қарабақтағы жағдайдың ушығуы туралы мәлімдеді Қытайда көмір шахтасында 16 адам қаза тапты Өскеменде қолында сәбиі бар жалаңаш әйел көше кезіп жүрген

Биыл облыс аумағында барлығы 142 автокөліктің өртену оқиғасы тіркелген. Олардың салдарынан болған материалдық шығын 17 миллион 599 мың тенгені құрады. Десе де, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 6,6 пайызға кемігенін көрсетеді. Атап айтсақ, былтыр автокөліктердің 152 өрті есепке алынып, 24 миллион 345 мың теңге шығын белгіленген.

Мамандар өрттердің шығу себептері әртүрлі, электр жүйесінің зақымдануынан жанармай жүйесінің ақауына дейін екендігін баса айтып отыр.

«Өткен айдың соңғында облыс аумағында 4 автокөліктің өртену оқиғалары тіркелді. Нақтырақ айтсақ, 26 қараша күні Тараз қаласында 1992 жылғы «Audi-100» маркалы автокөлігінің және 1988 жылғы «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігінің мотор бөлігі өртенді. Сол күні Шу ауданы, Шу қаласы, «Сахзавод» мөлтек ауданында да 1985 жылғы «Audi-100» маркалы автокөлігінің мотор бөлігінде өрт болды. Ал, келесі күні Шу ауданы, Төле би ауылының кіре берісінде «Audi-100» маркалы автокөлігі өртенді. Осы орайда өрттердің шығу себептері олардың пайдалану уақыттарымен тікелей байланысты болып отырғандығын айтқым келеді»,- дейді облыстық ТЖД Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бас маманы, подполковник Бауыржан Сейдалиев.

Сондай-ақ, ол көбіне ескі автокөліктер, пайдалану уақыты он жылдан асқандар жиі жанатынын жеткізді. Май тамшысының әсерінен жану оқиғалары аз еместігіне назар аудартқан ол жүргізушілерді көліктерін барынша бақылап, сақ болуға шақырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT