Жамбылда жүк пойызының рельстен шығып кетуіне не себеп болды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қазақстан темір жолының жамбылдық бөлігінде қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚТЖ ҰК АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салайық, 31 шілде күні таңғы 08:05-те Қашқантеңіз-Жастар аралығындағы Мойынты-Шығанақ бөлігінде келе жатқан №2009 жүк пойызының 50 вагонының 11-і рельстен шығып кеткен еді. Алдын ала жасалған болжам бойынша, бұған 28-ші вагонның бүйір тұстағы рамасының сынуы себеп болуы мүмкін. Бұл вагондардың иесі - «ИСТКОМТРАНС» ЖШС. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі мәлім еткендей, вагондарды 2009 жылы «АЗОВЭЛЕКТРОСТАЛЬ» ААҚ зауыты жасаған.

Дәл қазір зақымданған аймақты қайта қалпына келтіруге жақын маңда  орналасқан жамбылдық Шу және Сарышаған стансаларының арнайы жөндеу пойыздары қосылған.

Оқиға салдарынан жалпы үш мың адамды әкеле жатқан бес жолаушы пойызының қозғалысы тоқтатылды. 

Соңғы жаңалықтар