Жамбылда жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысып, жолаушы көз жұмды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Тұрар Рысқұлов ауданы аумағындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тасжолының 430-шақырымында Chevrolet Cobalt жеңіл автокөлігі мен «Погрузчик» техникалық көлігі соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соқтығысқан жүк тиегіш көлігі жол жиегіне құлаған.

Жол апаты салдарынан Chevrolet Cobalt автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

Ал жүргізуші түрлі жарақатпен Т. Рысқұлов ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы облыстық полиция департаметіның баспасөз қызметі хабарлады.

Автотиегіш жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

«Жол-көлік оқиғасының себебі анықталуда, бірқатар сараптамалар тағайындалды.ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы негізінде тергеу мүддесі бойынша тергеу әрекеттерінің мән-жайлары жария етілмейді»,- дейді Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімінің бастығы Олжас Омарбеков.


Соңғы жаңалықтар