Жамбылда жолдардағы кемшілікке байланысты 173 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл басынан бері Жамбыл облысындағы 18,6 мың шақырым жолда 1 619 тексеру жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шара барысында облыстың автожолдарында 11 746 ақау, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдарда 2 265, облыстық маңызы бар жолдарда 2 877, аудандық маңызы бар жолдарда 923, елді мекендердің көшелерінде 5 666 және шаруашылық маңызы бар жолдарда 15 кемшілік анықталған.

«Тексеру нәтижесі бойынша жол мекемелерінің басшыларына 1 619 ұйғарым жіберілді. Автомобиль жолдарын күтіп ұстаудағы кемшілікке қатысты 235 ақпарат жолданды, оның 147 - сі жергілікті атқарушы органдарға жіберілді», - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД ӘПБ жол және техникалық инспекция бөлімінің бастығы Ержан Мананбаев.

Автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз ұстағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 173 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«ҚР ӘҚБтК-нің 631-бабы 1-бөлігі бойынша жолдарда жұмыс жүргізу, жолдарды, теміржол өткелдерін және басқа да жол құрылыстарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін 136 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы 3 лауазымды тұлғаға қатысты жол-көлік оқиғасына әкеп соққан ұқсас құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік хаттамалар жасалды. Жолдарды, теміржол өткелдерін және басқа да құрылыстарды немесе жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын бүлдіргені үшін 34 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп түйіндеді сөзін Ержан Мананбаев.

Соңғы жаңалықтар