Жамбылда жолда сынып қалған автобустың жолаушыларына көмек көрсетілді

None
None
ШЫҒАНАҚ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы аумағында бұзылған автобустың жолаушылары эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар комитетіне слітеме жасап.

19 қараша сағат 09:08 кезінде «Шығанақ» ТМҚП диспетчерінің пультіне Алматы-Екатеринбург тасжолының 413-шақырымында «Алматы – Нұр-Сұлтан» бағытымен кетіп бара жатқан жолаушылар автобусы сынғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Сол сәтте салонда 10 жолаушы болған, барлық жолаушылар - Қазақстан Республикасының азаматтары.

Эвакуация жұмысын жүргізу және медициналық көмек көрсету үшін оқиға орнына дереу «Шығанақ» бригадасы жіберілді. Бригада құрамында дәрігер, фельдшер, құтқарушы және медициналық-құтқару реанимобиль жүргізушісі бар.

Оқиға орнына келген бойда медицина қызметкерлері 10 жолаушыны жақын маңдағы жол бойындағы дәмханаға эвакуациялады.

Олар ауа температурасының төмендігін ескере отырып, автобус жолаушыларына психологиялық, консультациялық көмек көрсетті, медициналық тексеру жүргізді.

«Шығанақ» пунктінің қызметкерлері жолда қалған жолаушыларға дер кезінде қажетті көмекті көрсетті.

Сынған автобуста жөндеу жұмысы жүргізілгеннен кейін ол өз бағыты бойынша сапарын жалғастырды.


Соңғы жаңалықтар