+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Жамбылда жемқорлық құқықбұзушылық жасаған 11 тұлға  қызметін жалғастырып келген

2019 жылғы 31 қазан 21:07
Бөлісіңіз:
Жамбылда жемқорлық құқықбұзушылық жасаған 11 тұлға  қызметін жалғастырып келген

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылда сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған 11 тұлға басшы лауазымында жұмыс жасап келген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін тың тәсіл енгізіліп жатыр БҚО-да пара алды деген күдікпен аудандық білім бөлімінің басшысы ұсталды Жамбылда қызметтік көлікті жеке мақсатқа пайдаланғандар анықталды

Еңбек және сыбайлас жемқорлық заңнамаларына сәйкес, бұрын сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасаған адам, әрі қарай мемлекеттік қызметке немесе азаматтық қызметке басқару функцияларын орындаумен байланысты лауазымға қабылданбайды деп нақты көрсетілген. Дегенмен облыс бойынша зерделеу шаралары барысында бірқатар аудандарда бұл талаптың бұзылғандығы анықталған.

Ол бойынша қабылдаған тұлғаның да тиісті жауапкершілігі көзделген. Атап айтқанда, «Бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау – жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады» – делінген.

«Департаментпен тиісті заңнамалардың сақталуына мониторинг жүргізілді. Мониторингпен 2000-нан аса басшы лауазымдағы тұлғалар қамтылып, оның қорытындысы бойынша Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Талас, Сарысу, Қордай аудандарының басқару функциясымен байланысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған 11 тұлға қызмет атқарып отырғандығы анықталды»,- деді Равиль Төлебаев.


Сондай-ақ, спикер мониторинг барысында белгілі болған фактілер бойынша мән-жайларды анықтап, тиісті шаралар қабылдау жөнінде мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолданғанын, департамент бұл бағыттағы бақылауды күшейтетінін жеткізді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT