+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Жамбылда жарылыстан зардап шеккен 75 нысан қайтадан қалпына келтірілді

2021 жылғы 27 қыркүйек 22:02
Бөлісіңіз:
Жамбылда жарылыстан зардап шеккен 75 нысан қайтадан қалпына келтірілді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жексенбі күні Байзақ ауданындағы қалпына келтіру жұмысымен танысты. Алдымен Қайнар ауылында болған аймақ басшысы жөндеу-құрылыс шараларының сапалы әрі мерзімінде орындалуына баса назар аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шортандыдағы жарылыс: Зардап шеккен 12 жастағы бала көз жұмды

Аудандағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккен нысандарды тексеру және қалпына келтіру үшін 5 жұмыс тобы құрылып, оның құрамына құрылыс басқармасының, аудан әкімдігінің, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми зерттеу институтының, жобалау ұйымдарының қызметкерлері және төтенше жағдай қызметкерлері енген.

Аталған жұмыс топтары Байзақтағы Қайнар, Үшбұлақ, Жібек жолы, Төрекелді, Базарбай, Көкбастау ауылдарындағы барлық үйді зерделеп, 159 тұрғын үй, 12 коммерциялық, 4 әлеуметтік нысанның зардап шеккені анықталды.

Оның ішінде 35 үй мен 12 коммерциялық, 1 әлеуметтік нысанға және 1 ауылішілік жолға айтарлықтай елеулі зардап келгендіктен, мемлекет есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша шешім қабылданған.

Сондай-ақ, айтарлықтай зардап шеккен әрі бұған дейін тозығы жеткен Жібек жолы ауылының №5 орта мектебінің ескі ғимаратының орнына салынатын жаңа мектептің құрылысы басталды.

Бердібек Сапарбаев мектептің сапалы салынуын, онда оқушылардың алаңсыз білім алуы үшін тиісті қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығына айрықша тоқталды.

Қазіргі таңда өзге нысандар бойынша жұмыс қызу жүріп жатыр.

Жеңіл зардап шеккен 3 әлеуметтік нысан мен 124 жеке тұрғын үй демеушілер есебінен жөнделуде десек, бүгінде 3 әлеуметтік нысан және 72 тұрғын үй қалпына келтірілді.

Елеулі дәрежеде зардап шеккен тұрғын үйлер бойынша да жұмыстар қолға алынған.

Бердібек Сапарбаев барған Қайнар ауылында мұндай 19 үй бар десек, дәл бүгін 6 үйдің шатыры жабылып, ішкі әрлеу жұмыстары атқарылуда.

Жалпы бұл шараларға 12 мердігердің 187 жұмысшысы, 22 техникасы жұмылдырылған. Мердігерлер бүкіл жұмысты тиісті мерзімде аяқтайтынына сендірді.

Облыс әкімі жергілікті тұрғындармен, әскерилермен кездесіп, ой-ұсыныстарын тыңдады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT