+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Жамбылда жаңа жоба аясында кәсіпорындардың жұмысы жандана түседі

2019 жылғы 14 қараша 04:25
Бөлісіңіз:
Жамбылда жаңа жоба аясында кәсіпорындардың жұмысы жандана түседі

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жаңа жоба аясында кәсіпорындар мен шағын цехтардың әлеуеті арттып, жұмысы жандана түспек. Бұл туралы облыс әкімі Асқар Мырзахметов Тараз қаласындағы бірқатар кәсіпорындарды аралау барысында айтып, жаңа жобаның мақсатына тоқталды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Маңғыстаудағы ауылда балалар киімін тігетін цех ашылды СҚО-да 13 мың кәсіпорында әйелдер жетекшілік етеді Дариға Назарбаева жас кәсіпкерлерді қазіргі заманғы технологияларды меңгеруге шақырды

Сондай-ақ, аймақ басшысы облыс тұрғындарының табысын арттыру жобасымен қатар кәсіпорындарды дамыту жобасы да қолға алынып жатқандығын жеткізді. Ол бойынша кәсіпорындардың жұмысын жандандыру мен мүмкіншілігін арттыруға қолбайлау болып отырған мәселелер анықталып, оларды шешуге бағытталған нақты іс-шаралар жоспары бекітілмек. Бұл орайда өңірдегі әлеуметтік мекемелердің сұранысын жергілікті кәсіпорындар тарапынан қанағаттандыру жайы да жоба аясында шешімін таппақ. Осыған басымдық берген облыс әкімі барлық кәсіпорындардың бүгінгі жай-күйін саралап, ондағы түйінді түйткілдерді тарқатуға айрықша мән берілетінін атап өтті.

Қаладағы нысандарды аралау барысында аймақ басшысы «Айвенго» ЖШС-нің тігін цехы және газ плиталарын құрастырумен айналысатын «Alima Delux» ЖШС-нің жұмыстарымен танысты.

Аталмыш тігін цехы жылына 500 миллион теңгенің өнімін өндіруге қауқарлы десек, ағымдағы жылдың басынан бері небәрі 20 миллион теңгенің өнімін шығарған. Кәсіпорында тоқсан тігіншінің бір мезетте жұмыс жасауына қажетті барлық жағдай мен техника жеткілікті болғанымен, бүгінде онда бар-жоғы 12 ғана тігінші іс тігуде. Цехта медициналық халаттар, жамылғылар, көрпелер, түрлі киім-кешек шығарылуда. Оның директоры Любовь Попова барлық өнімдерге таза, табиғи жергілікті өнімдер қолданып жатқандығын жеткізіп, сапасының жоғары, бағасының тиімді екендігін тілге тиек етті.

Сол сияқты «Alima Delux» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің де газ плиталарын құрастыру ісімен айналысып отырғандарына екі жылдан асқан. Айына 150 дана газ плитасын құрастыратын кәсіпорында қазіргі таңда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Серіктестік басшысы Әлия Көмекбаева алдағы жоспарымен бөлісіп, үлкен зауыт салуды көздеп отырғандығын, ол үшін жер мәселесі және басқа да қажеттіліктер бойынша қолдаулар керектігін айтты.

Өңір басшысы кәсіпорындар өнімдерінің сапалы әрі баға тиімділігіне назар аударып, олардың нарықтағы әлеуетін арттыру үшін жергілікті әкімшілік тарапынан тиісті қолдау көрсетілетіндігін білдірді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT