+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Жамбылда жаңа карантин: Мал базарлары жабылып, түнде жүруге тыйым салынды

2020 жылғы 17 қазан 17:21
Бөлісіңіз:
Жамбылда жаңа карантин: Мал базарлары жабылып, түнде жүруге тыйым салынды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының аумағында жаңа шектеу шаралары енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шығыс Қазақстанда 13 санитарлық пост қойылмақ Карантин: Алматыда бір күн ішінде 17 нысаннан кемшіліктер анықталды «Хан Шатыр» сауда орталығында карантин тәртібін бұзу фактілері анықталды

Жамбыл облысының бас мемлекеттік санитары Салтанат Әлібаева қабылдаған жаңа қаулының талаптары 19 қазан сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Қаулыға сәйкес, мереке және демалыс күндері жабық азық-түлік базарларының, сауда орталықтарының және азық-түлік сатпайтын базарлардың жұмыс істеуіне тыйым салынады. Тек сауда орталығының ішіндегі супермаркет пен дәріхана ғана жұмыс істейді.

Сонымен қатар, букмекер кеңселері, боулинг, компьютер клубтары, караоке, бильярд, кинотеатрлар, көңіл көтеру орындары, балалар аттракциондарының қызметіне шектеу бар.

Той, мерекелік шара, конференция, форумдар өткізуге болмайды.

Мал базарлары жабылады.

Кісі өлгенде жерлеу рәсіміне 30 адамнан артық қатысуға рұқсат етілмейді.

Жамбыл облысы тұрғындарының кешкі сағат 23:00 мен таңғы 06:00 аралығында жүріп-тұруына шектеу қойылады.

Паркте, көшеде бір отбасы мүшелері болмаса, жалпы үш адамнан артық топтасып жүруге болмайды. Сондай-ақ, жасы 65-тен асқан кісілердің сыртқа шығуына шектеу қойылады.

Қоғамдық тамақтану орындары таңғы 6-дан кешкі 22:00 дейін ғана жұмыс істейді. Дәмханадағы қонақтардың саны 50-ден аспауы керек. Міндетті түрде 2 метр арақашықтық сақталып, маска режимі бұзылмауы тиіс.

Қоғамдық моншалар, сауналар алдын ала жазылу арқылы таңғы 6-дан кешкі 22:00 дейін, ғимаратты 50 пайыз ғана толтырып қызмет көрсете алады.

Қаулының толық мәтінімен мына сілтемеде таныса аласыздар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жанат Қапалбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT