Жамбылда заңсыз еңбек етіп жүрген 22 мигрант ел аумағынан шығарылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері заңсыз көші-қонмен күреске бағытталған алдын алу іс-шарасы барысында 22 шетел азаматын анықтап, республика аумағынан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс орталығы Тараз қаласындағы «Киш-Миш» шайханасында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Өзбекстан Республикасының 7 азаматы анықталды. Олар Қазақстан Республикасының қолданыстағы көші-қон заңнамасының нормаларын бұза отырып, әртүрлі нан өнімдерін пісірумен заңсыз айналысқан. Осы үшін олар Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды. Ал шайхана иесіне ҚР шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сонымен қатар, облысқа қарасты Сарысу ауданында салынып жатқан нысанда алдын алу жұмыстарын жүргізу барысында заңсыз еңбек қызметін жүзеге асыратын Өзбекстан Республикасының 15 азаматы анықталған. Ұсталған мигранттар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылып, нысан иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылған.

Соңғы жаңалықтар