+7 (701) 759 90 19
USD 417.9 EUR 503.07
RUB 5.64 CNY 64.7
Jańalyqtar

Жамбылда заңсыз алтын өндірушілерден қару мен алтын тәркіленді

2021 жылғы 23 ақпан 15:19
Бөлісіңіз:
Жамбылда заңсыз алтын өндірушілерден қару мен алтын тәркіленді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында алтын іздеушілерден қару-жарақ пен алтын тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында 52 жастағы Алматы қаласының тұрғыны ұйымдастырған құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіру орны анықталды.

Тексеру барысында тіркелмеген 16 калибрлі бір ұңғылы аңшылық мылтық, жарылыс жұмыстарын жүргізуге арналған 8 дана қолдан жасалған тұтандырғыш табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі (атыс қаруын (тегіс ұңғылы аңшылық қарудан басқа), оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) және 334-бабы (жер қойнауын өз бетінше пайдалану) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды»,- делінген ведомство хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT