Жамбылда ұсталғандардан 84 қару-жарақ тәркіленді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жағдай тұрақталды. Ахуал жергілікті биліктің құрған жедел штабтың бақылауында.

Облыс орталығы Тараз қаласында жаппай тәртіпсіздік салдарынан 200-ден аса құқық қорғау қызметкері түрлі дене жарақатын алған.

​Жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың жалпы саны шамамен 2000 мыңға жуық. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

287 адам түрлі дене жарақатын алып, 42-адам ауруханаға жатқызылған. Бүлікке қатысушылардың басым бөлігі 17-25 жас аралығындағы жастар.

​Жедел операциялардың нәтижесінде 295 күдікті ұсталып, 19-ы соттың шешімімен қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардан 84 бірлік қару-жарақ тәркіленді. Олардың 114-іне әкімшілік іс қозғалған (108 тұлға 15 тәулікке қамаққа алынса, 3-іне айыппұл салынып, 3-іне ескерту берілген).

​6 мемлекеттік ғимарат (облыс әкімінің аппараты, «Nur Otan» партия филиалы, Полиция департаменті, қалалық 3 полиция бөлімі), 149 қызметтік автокөлік, 4 бизнес нысаны зардап шеккен.

​Шығын мөлшерін есептеу бойынша арнайы комиссия құрылды.

​Алдын-ала есептеулер бойынша жалпы облысқа келген шығын көлемі шамамен 7,6 млрд теңгені құрайды.

​Бүгінгі күні зардап шеккен әкімшілік нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына 21 арнайы техника, 160 жұмысшы тартылған. Жұмыстар ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін толығымен аяқталады деп көзделуде.


Соңғы жаңалықтар