+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Жамбылда үш күнде 15 есірткі қылмысы анықталды

2020 жылғы 15 наурыз 10:25
Бөлісіңіз:
Жамбылда үш күнде 15 есірткі қылмысы анықталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – «Допинг» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында үш тәулік ішінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 25 есірткі тәртібін бұзу дерегін анықтады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында есірткі плантациялары жойылды Петропавлда 18 жастағы бойжеткен есірткімен ұсталды

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, анықталған 25 деректің 15-і — қылмыстық іс. Оның ішінде 3-еуі есірткі заттарын өткізу, 2-еуі есірткі заттарын аса ірі көлемде сақтау, 9-ы — есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз пайдалану және 1-еуі пайдалану тәртібін бұзу фактілері.

«10 Әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды. Бұл орайда дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы фармацевтикалық қызмет ережелерін бұзу бойынша 8, есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы объектілер мен үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзу бойынша 2 факт тіркелді» делінген ведомство хабарламасында.

Жалпы, іс-шара аясында облыс бойынша 76 дәріхана, 20 қойма, 12 емдеу мекемесі, 10 өнеркәсіптік кәсіпорын тексерілген. Сондай-ақ, заңсыз айналымнан 35 келі марихуана, 5 келі гашиш, 3 грам героин есірткі заттары және 12 келі күкірт қышқылының прекурсорлары, 739 есірткі мен психотроптық заттардың ампулалары заңсыз айналымнан шығарылған. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT