Жамбылда үш елді мекенде өртпен күрес бекеттері ашылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының үш ауданындағы ауылдарда өрт бекеттері ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрт бекеттері Шу ауданының Шоқпар ауылында, Меркі ауданының Андас батыр ауылы және Байзақ ауданы Түймекент ауылында ашылды. Ашылу салтанаттарына ауыл тұрғындары, жергілікті атқару органдарының өкілдері, ТЖД басшылары, өрт сөндіру қызметінің өкілдері қатысты.

«Жыл сайын өрт қауіпті кезең ішінде біздің облыстың табиғи байлықтары үлкен қауіп - қатерге ұшырайды. Жамбыл облысының аумағында шамамен өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне экологиялық залал келтіретін 200-ден астам жану оқиғалары орын алуда. Соңғы кездері болған өрт оқиғаларына жүргізілген талдау нәтижесі, сондай – ақ олардың даму динамикасы, өрттің үлкен аумаққа тарауына өрт сөндіру бөлімдерінің шалғай орналасуы себепші болып отырғандығын көрсетті. Сонымен қатар осы себептен де өртті жедел сөндіруге мүмкіндік болмайды, көптеген ауылдық жерлерде өртке қарсы су жүйелері жоқ. Осыған байланысты, қазіргі уақытта шалғай ауылды жерлердің елді мекендерінде өртке қарсы қорғаныс құру мәселесі өте маңызды. Осы орайда ашылған өрт бекеттеріне артылар жауапкершілік зор»,-дейді облыстық ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының бас маманы Аида Құдайқұл.

Аталған 3 ауылдық мекендерде өрт бекетін құру үшін аталған аудан әкімдіктерімен 17 миллоин теңгеден астам қаржы бөлініп, өрт бекетінің штаттық құрамы нақтыланды және өрт бекеті құрылатын орын белгіленіп, ғимарат берілген. Облыс бойынша тағы 20-дан астам өрт бекеті қажет дейді мамандар.



Соңғы жаңалықтар