Жамбылда ұлттық сусындардың этнофестивалі өтті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының Байзақ ауданында «Қымыз fest, шұбат fest» ұлттық сусындар этнофестивалі өтті. Ерекше шараға ауданға қарасты 7 ауылдың бие байлап, қымыз ашытатын қыз-келіншектері қатысып, өнімдерін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орынкүл» бөбекжай бақшасының ұжымы тіккен ақшаңқай киіз үйден тұрғындар емдік сусын мен ұлттық тағамнан дәм татты. Суханбаев, Бурыл, Қостөбе, Түймекент ауылдарның қымыз өндірушілері сары қымызды сапырып, көпке ұсынды.


Темірбектік түйеші Рая Читанова баптаған шұбатқа жұртшылық риза болды. Әсіресе, Қостөбе ауылдық округінен келген қолөнер шеберлері Бибігүл Шуақбай мен Базаркүл Ысқақованың қолынан шыққан жастық, сөмке, құрақ көрпе, қоржын түрлері, қыз балаға арналған ұлттық киімдерді алушылардың қатары көп болды.


Іс-шара барысында қымыз ішуден жарыс, арқан тарту, асық ату, ләңгі тебу сынды ұлттық ойындар да ұйымдастырылды.

Әділқазылар алқасының төрағасы, ақын Қасқырбай Нарбатыр фестивальдің маңыздылығына тоқталып, жеңімпаздарға алғыс хат және сыйлықтар табыстады.

Соңғы жаңалықтар