Жамбылда табиғи сипаттағы төтенше жағдай: Жедел штаб құрылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының Сарысу ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.
«Сарысу ауданының Жаңатас қаласында желдің екпіні 30 м/с дейін жетуде.Дауыл салдарынан Жаңатас қаласындағы шамамен 20 электр бағанасы құлаған. Желдің жоғары жылдамдығы оларды қалыпқа келтіру мүмкіндік бермей отыр. Бағаналардың құлауына байланысты «ЖЭС» АҚ электр желілері тиісті кернеуді тарата алмауда. «Шахан» қосалқы станциясында тиісті қондырғының салқындауы орын алды. Соған сәйкес, жылумен жабдықтау жүйесінен суды ағызу туралы шешім қабылданды. Сарысу ауданы әкімінің өкімімен аудан аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды», - делінген хабарламада.

Аудандағы 3 мектепте жылыту пунктері дайындалды. Ауыз су кесте бойынша берілуде.

Сонымен қатар Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің тапсырмасымен ауа райының қолайсыздығына байланысты жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде. Жұмыс тобына жергілікті билік, төтенше жағдай қызметі, энергетика және өзге де сала мамандары енді.
Соңғы жаңалықтар