+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Жамбылда сұйық газды қайта өңдейтін зауыт салынады

2018 жылғы 9 қараша 08:26
Бөлісіңіз:
Жамбылда сұйық газды қайта өңдейтін зауыт салынады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында сұйық газды өңдейтін зауыт іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«ТаразГазӨнімдері» ЖШС шетелдік «Визон Инжиниринг ЛТД» компаниясымен бірлесіп, Қарой ауылдық округінде сұйық газды қайта өңдейтін зауыттың құрылысын бастайды. Жоба құны - 16 млрд теңге. Кәсіпорын 16 гектар аумақта орналасады. Соның арқасында 108 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде» делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жоба Жамбыл облысының индустрияландыру картасына енгізілген.

Иллюстрациялық сурет

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT