Жамбылда Шу өзеніне батып кеткен қырғызстандық бала іздестіріліп жатыр

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы Шу өзеніне батып кеткен баланы іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«16 сәуір күні 10:30-да Қордай ауданының Қырғыз Республикасымен шектескен аумағындағы Шу өзенінде ТЖД «ЖҚЖ» ММ күштері 5 жасар баланы іздеді. Ол 11 сәуір күні Қырғыз Республикасы Шу облысының аумағында өзенге құлап кеткен», - деп мәлімдеді Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, бала - Қырғыз Республикасының азаматы. Оны Қазақстан аумағында іздеуге Жамбыл облыстық ТЖД-нің 4 қызметкері, бір техника және жүзу құралы жұмылдырылған.

«Іздеуден әлі нәтиже шыққан жоқ, жұмыстар 17 сәуір күні де жалғасты», - делінген хабарламада.




Автор: Галина Скрипник

Соңғы жаңалықтар