+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Жамбылда салынатын зауыт құрылысына 800 млн доллар инвестиция жұмсалады

2020 жылғы 10 қыркүйек 03:14
Бөлісіңіз:
Жамбылда салынатын зауыт құрылысына 800 млн доллар инвестиция жұмсалады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС бас директоры Дмитрий Валышевпен кездесіп, минералды тыңайтқыш шығаратын зауыттың құрылысын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Дмитрий Валышев Қазақстандағы «ЕвроХим» компаниясының стратегиялық даму жоспарының бірінші кезеңін іске асыру нәтижелеріне қысқаша тоқталып өтті. 2012 жылдан бастап 2019 жылға дейін жеті жыл ішінде қуаты жылына 640 мың тонна фосфор ұнтағын өндіруге қауқарлы тау-кен кешенінің құрылысы жүзеге асырылды. 500-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Қазір компания екінші кезеңді жүзеге асыруға кіріскен.

Биылғы шілде айында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі қуаты жылына миллион тонна минералды тыңайтқыш шығаратын зауыт салу және пайдалану туралы үкіметаралық келісімге қол қойған болатын. Жоба Қаратау фосфорит бассейнінің кен орындарын игеруді көздейді.

Инвестицияның болжамды көлемі - 800 миллион доллар.

Жобаны іске асырудың болжамды мерзімі – 2021-2025 жылдар аралығы. Кәсіпорынның құрылысы кезінде 2 мың адам жұмыспен қамтылады десек, нысан пайдалануға берілгеннен кейін 1200 тұрақты жұмыс орны ашылады деп көзделуде.

- Минералды тыңайтқыштардан басқа зауытта мұнай-газ өндірісінде, қысқы маусымда жол желісін күтіп ұстау үшін цемент, құрғақ құрылыс қоспалары, жерді мелиорациялау өндірісінде қолданылатын өнеркәсіптік өнімдер шығару жоспарланған, - дейді Дмитрий Валышев.

Оның айтуынша, жаңа зауыт жобасы Қазақстанның экспорттық әлеуетін және азық-түлік қауіпсіздігін арттыруға, ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібін дамытуға ықпал етеді. Әлемде баламасы жоқ инновациялық жоғары технологиялық өндіріс іске қосылады.

Бердібек Сапарбаев жоғары білікті мамандар даярлаудың маңызын атап өтті.

Дмитрий Валышевтің айтуынша, компания кадр тапшылығы мәселесіне ерекше назар аударады. Екінші жыл қатарынан Жаңатас оқушылары «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС қолдауының арқасында М.И.Платов атындағы Оңтүстік-Ресей мемлекеттік политехникалық университетіне оқуға түскен. Барлық түлектер өндірістік мамандықтарды меңгеріп шығады.

Серіктестік директоры «ЕуроХимның» аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосатынын жеткізді.

Сарысу ауданында компания әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға 23 миллион доллар жұмсаған. Тұрғын үйлер жөнделіп, әлеуметтік нысандар салынған, Сарысу ауданында ғана емес, Талас ауданында да орталық аудандық ауруханаға реанимобиль сатып алып берген.

Алдағы бес жылда серіктестіктің әлеуметтік аударымдары есебінен жергілікті әкімдікпен бірге аулаларды абаттандыру, спорт-сауықтыру кешенін және Жаңатас қаласында жастар орталығын салу жоспарланған.

- Шағын қалаларды дамыту үшін мемлекеттік бюджеттен қомақты қаржы бөлінген. Тұрғын үйлер, жолдар жөнделуде, коммуникация тартылып, жаңа жұмыс орындары ашылып жатыр. Егер бизнес әлеуметтік жауапкершілікті ұмытпаса және жергілікті билікпен ынтымақтастықта болса, әлбетте бұл экономиканың өсуіне және қазақстандықтардың әл-ауқатына тікелей әсер етері сөзсіз. Жаңатас қаласын бұрынғыдай гүлдендіру үшін бизнес және жергілікті атқарушы органдар бірлесіп жұмыс жасауы қажет, - деп атап өтті облыс әкімі.

Сондай-ақ кездесу барысында тараптар инфрақұрылым тартуға қатысты мәселелерді талқылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT