Жамбылда салыққа қарызы бар азаматтардың тізімі жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті салыққа берешегі бар азаматтардың тізімін жариялады. Тізімде борышы жарты миллионнан асып кеткен азаматтар да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Салық міндеттемелерін уақтылы орындау үшін жеке тұлғалардың мекенжайларына есептелген салық сомасы көрсетілген хабарламалар алдына ала жолданады. Ал жеке тұлға өзінің салық берешегін өтемесе, міндетті түрде мәжбүрлеп алу шаралары қолданылады. ҚР Салық кодексінің 128-бабына сәйкес, салық жинауды мәжбүрлеп орындаудың нысандарының бірі - салық бұйрықтарын шығару. Яғни, белгіленген жеке тұлғаға салық міндеттемелерін орындау үшін арнайы мерзім белгіленеді», - делінген хабарламада.

Жеке тұлғаға салық берешегін жабу үшін салықтық бұйрығын берген күннен бастап 5 жұмыс күні беріледі. Кешіктірген жағдайда салықтық сот орындаушыларға жолданады. Бұдан кейін, сол тұлғаға қатысты сот орындаушылар тыйым салу шараларын қолдануға құқылы. Атап айтқанда ҚР аумағынан шетелге шығуға тыйым салу, банктік шоттарды жабу және басқа да ҚР заңдылығымен көрсетілген іс-шаралар қолданылады.

ҚР Салық кодексінің 127-бабын басшылыққа ала отырып, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті бүгінгі күннен бастап төрт айдан асқан салық берешегі бар салық төлеушілердің тізімін жариялауды бастады.

Олар:

Нурматова Гульнара Дуановна. Тараз қ. Салықтық берешегі - 559319 теңге;

Қалиякбаров Бақыт Камелұлы. Тараз қ. салықтық берешегі - 513992 теңге;

Гулматов Бахтияр Джорайұлы. Тараз қ. салықтық берешегі - 295800 теңге;

Муминова Хура Хабировна. Тараз қ. салықтық берешегі 333946 теңге;

Қабашев Батырхан. Тараз қ. салықтық берешегі - 173850 теңге.

«Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, Жамбыл облысының барлық тұрғындарына өтіп жатқан салықтық рақымшылығын пайдаланып, өздерінің салықтар бойынша берешектерін төлеуге шақырады. Айта кету керек, еліміздің барлық аймақтарындағы салықтық берешегі бар азаматтар тізімі алдағы уақытта да жарияланатын болады», - деп атап өтті Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінде.

Салық төлеушілер борышының бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында немесе мына сілтеме бойынша тексере алады.



Соңғы жаңалықтар