Жамбылда полиция қызметкерінің өртенген мәйіті табылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Шу ауданындағы Жайсан ауылы маңынан жанып кеткен мәйіт табылды. Жәбірленушінің жеке басы анықталып, оның полиция қызметкері екені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада марқұмның 16 мамырдан бастап хирургиялық операция жасатуына байланысты жұмыстан уақытша босатылғаны жазылған. Марқұмды жүрек тұсынан пышақтаған, содан кейін өртеп жіберген.

«Аталған қылмысты ашу мақсатында Жамбыл облысы ПД мен ЖП тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде»,- делінген ведомство мәлімдемесінде.

Айта кетейік, аталмыш оқиғаға қатысты тергеу барысын ҚР ішкі істер министрлігі ерекше бақылауға алған.

Соңғы жаңалықтар