Жамбылда орыс тілі мұғалімі 2 жыл бойы жалған дипломмен сабақ беріп келген
2020 жылғы 27 қазан 16:03

Жамбылда орыс тілі мұғалімі 2 жыл бойы жалған дипломмен сабақ беріп келген

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының прокуратурасы орта мектептің орыс тілі мұғалімінің жалған дипломмен 2 жыл бойы білім беріп келгенін анықтады. Бұл жайында облыстық прокуратураға сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Осы жылғы 15 қазандағы сот үкімімен аталған адам жалған дипломды пайдаланғаны үшін 80 сағатқа сотталып, мемлекет кірісіне 1 млн теңгеден астам залал өндірілді.

«Аудан прокуратурасы ҚР заңдарын бұзбауға шақырады. Ал егер сіз осындай жағдайларға куә болсаңыз, азаматтық бастама көтеріп, құқық қорғау органдарына хабарлаңыз. Өйткені, біздің балаларымыздың болашағы білім сапасына байланысты» делінген хабарламада.


Jańalyqtar

MURAǴAT