Жамбылда онлайн-алаяқтардың саны артты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Ағымдағы жылдың 10 айында Жамбыл облысы Полиция департаментіне интернет пайдаланушыларға қатысты 70-ке жуық алаяқтық дерегі тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мамандары «онлайн –алаяқтардың» құрбаны болған тұрғындар саны күн санап артып келе жатқандығын айтады. Ағымдағы жылдың қараша айының басынан бері өңірде «интернет-алаяқтардың» жолын кесу мақсатында облыстық полиция қызметкерлерімен «Анти Fraut» жедел-алдын алу іс-шаралары қолға алыныпты.

«Іс-шара барысында облыс аумағында ақпараттық желіні пайдалана отырып, бір мезгілде бірнеше тұрғынның қаржысын жымқырған адамдар анықталды. Мәселен, 1991 жылы туған Н. есімді күдікті облыс тұрғындарының сеніміне кіріп, жеке басын растайтын куәліктері арқылы онлайн-несие алумен айналысқан. Соның нәтижесінде өз жеке есеп-шотын жарты миллионнан астам қаржыға молайтқан. Күдікті аталған қылмыстарға қатысты кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды»,-дейді полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлімі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, бүгінгі таңда барлығы электронды үрдіске ауысқан кезеңде алаяқтықтық әрекеттер саны өскен.

Соңғы жаңалықтар