Жамбылда он төрт адамның 15 млн теңгесін қалтасына басқан алаяқ ұсталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер әккі алаяқты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Тараз қаласының полиция басқармасы 1- полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің қызметкерлері ірі көлемде жасалған бірнеше алаяқтық дерегін ашты.
Осы деректер бойынша тергеу амалдарының нәтижесінде Жуалы ауданының 50 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды.
«Осылайша істің мән-жайын анықтау барысында күдіктінің 2018-2019 жылдар аралығында облыс орталығында тұрып, «TIENS-Қазақстан» компаниясындағы дистрибьютор-әріптестерінің сеніміне кіріп, желілік маркетингте олардың сапа деңгейін арттыру үшін өзінің ақылы қызметтерін ұсынғаны белгілі болды. Осының нәтижесінде ол 14-ке жуық жәбірленушіні алдап, олардан 1 миллионнан 15 миллион теңгеге дейінгі көлемде ақша алған» делінген облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.
Аталған қылмысқа қатысты ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Алаяқтық құрбаны болған басқа да адамдар анықталып жатыр.
- Алматыда ер адам травматикалық тапаншадан жарақат алды
- Қызылордада 54 жастағы азаматқа іздеу жарияланды
- Қосшыда жоғалған 6 жасар қыз табылды
- Көкшетауда 19 жастағы жігіт сауда үйінің терезесінен құлап мерт болды
-
Алматы облысында ана мен сәби көз жұмды
-
ҚР ІІМ Риддердегі бала өлімінен кейін халыққа үндеу жасады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам