Жамбылда оқушы қыз із-түзсіз жоғалып кетті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбылда 11-сынып оқушысына іздеу жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облыстық полиция департаментімен хабар-ошарсыз жоғалған 11-сынып оқушысы Іздестірілуде.

«2002 жылғы Асылжан Манатқызы Доғдырбай 31 қазан күні сағат 12.00-де үйден шығып кетіп, осы уақытқа дейін қайтып оралмаған. Белгілері: бойы 150-155 см, орта денелі, ұзын қоңыр шашы, көзі қоңыр. Ерекше белгілері: төменгі ернінде қалы бар»,- делінген аталмыш департаменттің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, Асылжанның үйден шығып кеткенде үстіне ақ кофта, ақ кроссовка, қара шалбар кигені және өзімен бірге қара сөмкесі болғандығы айтылған.

Департамент мамандары жоғалған қыз туралы қандай да бір ақпарат болған жағдайда, ‪8 (7262) 34-36-35, 99-75-05 немесе 102 телефондары арқылы хабарласуды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар