Жамбылда мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалтуға 662,8 млн теңге бөлінді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту мақсатында облыстық бюджеттен 662,8 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл сома өткен жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ZhambylNews-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков мәлімдеді.
null 

Жорабек Нұрмергенұлының айтуынша, бұл қаржыға әлеуметтік оңалту құралдарына мұқтаж 5474 мүгедекті тиісті бұйымдармен қамтамасыз ету жоспарланып. Бүгінгі күні 2362 мүгедек тиісті техникалық құралдармен қамтылып отыр. Ал емдеу сауықтырумен - 1927, протез-ортопедиялық бұйымдармен 1185 мүгедекті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бұдан басқа, Тараз қаласы мен аудан бюджеттерінен бөлінген 1432,7 млн теңгеге 8483 мүгедек әлеуметтік көмекпен қамтылуда. Атап айтар болсақ, гигиеналық құралдармен - 3612 мүгедек, ымдау тілінің маманы қызметімен - 390 мүгедек, жеке көмекшінің қызметімен - 2175 мүгедек, арнаулы әлеуметтік қызметтермен - 2306 адам қамтамасыз етіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар