Жамбылда медиаторлар 700-ге жуық жанжал мен даулы мәселені шешкен

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының медиаторлары 667 жанжал мен даулы оқиғаларды шешкен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаева айтып берді.

«Медиация кабинетіне 773 азамат жүгініп, ҚХА медиаторлары 667 жанжал мен даулы жағдайларды шешті, олардың негізгі түрлері – 33 еңбек, 396 азаматтық, 113 отбасылық, 125 қылмыстық даулар. Облыс бойынша 2 медиация кабинеті («Қоғамдық келісім» КММ және Меркі ауданының Достық үйінде), сондай-ақ 40 медиация алаңы бар, онда ҚХА медиаторлары практикалық және медиативтік көмек көрсетіп, түсіндірме жүргізеді»,- дейді М.Қожаева.

Есепті кезеңде мектеп медиациясы бойынша кең көлемді 13 іс-шара өткізіліп, онда 1840 адам қамтылды. Ал, «Отбасы және медиация» әлеуметтік жобасы бойынша 14 отбасы татуласты.

«Облыстық ҚХА Аналар кеңесі 7000 адамның қатысуымен 121 іс-шара ұйымдастырды. Этномәдени бірлестік жастары мен жас аналардың қатысуымен отбасының рөлі туралы ақпараттық кеңестер өткізілді. «Отбасы және медиация» әлеуметтік жобасы аясында отбасылық сот бойынша 21 отырыс өткізіліп, 14 отбасы ажырасудан аман қалды. Жоғарғы соттың «Отбасылық сот» пилоттық жобасы шеңберінде «Бастау» жұмыс тобының 14 отырысына қатысып, ажырасуға келген 28 ерлі-зайыптының мәселесі қаралды»,-дейді хатшылық меңгерушісі.

Соңғы жаңалықтар