Жамбылда мас күйінде көлік тізгіндеген 900-ге жуық жүргізуші жауапқа тартылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында соңғы 4 күн ішінде үш мыңға жуық жол ережесін бұзу дерегі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүргізушілердің басым көпшілігі жол-қозғалыс ережесіне бағынбаған. Мысалы, осы апта ішінде 500-ден астамы жылдамдықты шамадан тыс асырды. Сонымен қатар қауіпсіздік белбеуін тақпай, рөлде отырып, телефонмен сөйлескен 600-ге жуық азамат жауапқа тартылды. Аймақта әсіресе мас күйінде көлік жүргізу дерегі көбейген.

Облыстық полиция департаменті мамандарының айтуынша, жыл басынан ішімдік ішіп рөлге отырған 900-ге тарта жүргізуші ұсталып, жазаланған. Жол ережесін жаяу жүргіншілер де бұзған. Рұқсат етілмеген жерден өткен жүздеген тұрғынға ескерту беріліп, әкімшілік хаттама толтырылды.

«Осы 4 күн ішінде 400-ге жуық жаяу жүргіншіге әкімшілік хаттама толтырылды. Жалпы жыл басынан бері 110 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзу фактілері анықталды»,-дейді облыстық жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Роллан Қуанышаев.

Соңғы жаңалықтар