Жамбылда марихуана сақтаған 55 жастағы ер адам ұсталды

None
Фото: polisia.kz
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресми мәліметтерге қарағанда, Тея атты қызметтік-іздестіру итін пайдаланып, ұсталған азаматтың тұрғылықты жерін тінту барысында үйдің шатырынан жалпы салмағы 9 келі 13 гр болатын кептірілген марихуана табылды.

Ұсталған адам кінәсін мойындады.

«ҚК 296-бабының 4-бөлігімен «Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау» және 297-бабының 3- бөлігі «Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп хабарлады басқарма бастығы Әлім Бажықбаев.


Соңғы жаңалықтар