Жамбылда мал ұрлығымен айналысқан 2 қылмыстық топ анықталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында мал ұрлаудың алдын-алу, ескерту, жолын кесу және анықтау мақсатында «Мал ұрлығы» жедел-алдын алу шарасы өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Үш күндікіс-шараға облыстық Полиция департаментінің 500-ден астам қызметкері жұмылдырылды. Алғашқы тәуліктер ішінде мал ұрлығының бес фактісі және бұрын жасалған ұқсас қылмыстың 13 фактісі тіркеліп, ашылды. Бұл туралы аталмыш департаменттің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Тұрақты түрде мал ұрлығымен айналысқан 20 адам және екі ұйымдасқан қылмыстық топ анықталып, тиісті есепке алынды. Мәселен, Меркі ауданы Меркі ауылының 65 жастағы тұрғынынан жылқы ұрлағаны үшін осы елді мекеннің үш тұрғыны ұсталып, өз кінәсін толық мойындады. Сондай-ақ, тиісті құжаттарсыз мал тасымалдаған 24 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды»,-делінген аталмыш ведомствоның хабарламасында.

Департамент мамандары мал ұрлығына қарсы күресте құқық қорғау органдары жұмысының тиімділігін арттыру мәселесі Жамбыл облысы Полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында тұрғанын айтады.

Соңғы жаңалықтар