Жамбылда қызылшамен ауырғандардың саны 40-тан асты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Өңірде қызылша дертін жұқтырғандардың дені екпе алудан бас тартқандар мен 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгінгі таңда науқастар ауруханада ем-дом алуда. Сондай-ақ, инфекция ошақтарында болған 357 адамға қосымша екпе салынған.

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Күмісбек Рахимов өңірдің әр аумағында Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қызметкерлерімен аурудың күнделікті мониторингі жүргізілуде.

«Егер балаларыңыздың иммундық статусы белгісіз болған жағдайда, оларды қоғамдық ойын орталарына алып баруды шектеу қойған дұрыс, балаларыңыз уақтылы вакцина алмаған жағдайда эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, міндетті түрде вакцина алуға шақырамыз» -дейді К.Рахимов.

Айта кету керек, облыста 2018 жылы жоспарлы түрде бір жасқа дейінгі 23 мың балаға, алты жасқа дейінгі 25 мың балаға дәрі егілген. Ал, ағымдағы жылдыңжылдың қаңтар айында 1 жасқа дейінгі және алты жастағы 3 мыңға жуық балаға қызылшаға қарсы екпе егілген.

Соңғы жаңалықтар