Жамбылда қызметтік көлікті жеке мақсатқа пайдаланғандар анықталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облыстық Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны ағымдағы жыл басынан жемқорлық көріністердің алдын алу және қызметтік автокөліктерді жұмыстан тыс уақытта пайдалануды болдырмау мақсатында 14 рейдтік іс-шара өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүргізілген рейдттердің нәтижесінде 16 тұлға түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Олардың арасында аудан әкімінің орынбасары, шаруашылық меңгерушісі, жүргізушілер бар болып шыққан. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев айтып берді.

«2019 жылдың 11 қазанында «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген рейдтік іс-шара барысында, сағат 22:00-де Тараз қаласының Абай көшесінде Сарысу ауданы әкімдігіне тиесілі «KIA» маркалы автокөлік тоқтатылды. Алайда, автокөлік жүргізіп отырған әкімдік қызметкері С.Биғалиев тиісті жауапкершіліктен құтылу мақсатында заңсыз сыйлық ұсынған. Осы фактіге байланысты заңнама аясында тиісті шаралар қабылдау үшін ұсыныс жолданды»,- деді Равиль Төлебаев. Ол алдағы уақытта Департамент бұл бағыттағы жұмысын күшейте түсетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар