Жамбылда қызметтік ит блокпосттан өтпек болған жүргізушіден есірткі тапты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жалпақ төбе ауылының маңында полиция қызметкерлері 35 жасар ер адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қолға түскен көлік жүргізушісі блокпосттан есірткі өткізбек болған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Аталған ауыл маңындағы блокпостта облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Ауди-100« маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында қызметтік ит жүргізуші күртесінің ішкі қалтасынан есірткі затын тапты»,- делінген ведомоство хабарламасында.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың марихуана екендігі белгілі болды. Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындаған. Қазіргі таңда ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойінша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар